«Балауса-2018 » лицейшілер

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы оқушылардың бойында көркемік-эстетиканы дамыту мен шығармашылық ұжымдардың мүмкіндіктерін анықтау мақсатында қалалық «Балауса»балалар шығармашылығы фестивалін өткізді. Биылғы шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. №20 лицей-мектебінің «Арулар» би тобы құрамындағы Полина Ермолаева,Анель Негмеджанова, Бақытгүл Әбенова,Анель Сүлейменова «Ризамын» биін дайындады. Лицейші қыздар «Балауса-2018» байқауының лауреаты атанды.