«Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебі» ММ дәстүрлі шара- «Лицей жұлдыздарды жарқыратады-2018 » Ашық есік күнін өткізді, шарада 2017-2018 оқу жылындағы білім мекемесінің жұмысы қорытыланды. Бұл шара жаңа оқу жылына оқушыларды қабылдау кампаниясы аясында өткізілді. Шара кезінде лицейдің оқу-тәрбие жұмысына өз еңбектерін сіңірген үздік ата-аналар мен оқушыларға, педагогтарға сый-құрмет көрсетілді. Ашық есік күні салтанатын «Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі» ММ директоры Гүлнәр Тұйяққызы Топанова ашты, ол өз баяндамасында ағымдағы оқу жылында үздік жетістікке жеткен мұғалімдер мен оқушылар туралы цифрлар мен фактыларды келтіре отыра баяндап берді.
Шараға Инновациялық Еуразия университетінің профессоры,филология ғылымдарының докторы,маркетинг бойынша проректор Амангелді Рақышевич Бейсембаев, оқушылардың ата-аналары мен лицей-мектебінде оқуын жалғастырғысы келетін оқушылар қатысты. Шара үлкен гала-концертпен аяқталды,онда халықаралық,республикалық,облыстық және қалалық байқаулардың лауреаттары мен жүлдегерлері өз өнерлерін көрсетті.
Лицейдегі Ашық есік күні