Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Білімді ұлт – білім сапасы мен отбасы құндылығы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы.
16-05-2018 12:49
«Білімді ұлт – білім сапасы мен отбасы құндылығы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы.

  № 20 лицей-мектебінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту Бағдарламасы аясында «Білімді ұлт-білім сапасы мен отбасы құндылығы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Лицей-мектебінің директоры Гүлнәр Тұйяққызы Топанова ата-аналар алдында сөз сөйледі. Жалпыұлттық ата-аналар жиналысына қатысушылар мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары туралы ақпарат алды. Ата-аналарға 2017-2018 оқу жылындағы оқытушылар мен оқушылардың жетістіктері туралы шолу жасалды,цифрлы Қазақстан туралы бейнеролик №20 лицей-мектебінде осы жаңартудың барысы туралы ақпаратпен ілестірілді.
    Ата-аналар арасында С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттер ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаиловтың сөзі қызығушылық туғызды.Рамиль «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының модераторы болғандықтан «Туған жер», «Қазақстанның сакралды орындары», «Қазақстанның 100 жаңа келбеті» т.б. жобаларға тоқталды.
   Ата-аналар жиналысы Халықаралық отбасы күніне арналды.Қазіргі күні мемлекет отбасының қоғамдағы мәртебесін нығайту жолында барлық мүмкіндікті жасауда. Мектеп пен отбасының өзара әрекетін күшейту жолында қамқоршылық кеңестері қажет,оларға мектепті бірлесе басқаруда кең өкілеттіктер берілген.