Мәдениет күні

Лицей-мектебінде ұйымдастырылған Мәдениет күні аясында оқушылар мен педагогтар Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына барды. Басты мақсат- оқушы бойында театрға деген сүйіспешілікті тәрбиелеу, театрға деген жақсы талғамды қалыптастыру, эмоциалы-психологиялық жайлылықты қамтамасыз ету, балаларды биік өнерге ұмтылыс жасауға тарту. Көрермендердің назарына «Естайдың Қорланы»әдеби қойылымы ұсынылды,басты кейіпкерлердің таза,нәзік сезімдерінің тарихы сөз етілді.