2018 жылдың 11 маусымында Павлодар қаласындағы №20 лицей-мектебінде жазғы бейінді «Балдәурен» лагерінде «Полиглот» атты ойын өткізілді. Аталған іс- шараның мақсаты: оқушылардың үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өз ойларын түсінікті, ұғымды, бейнелі сөздермен айта алу және алған мәліметті кез келген жағдаятта қолдана алу дағдыларын жетілдіру, қалыптастыру. Сайысқа: «Болашақ», «Biq Fаmily» атты топ мүшелері қатысты. Мәдени іс-шара бірнеше кезеңдерден тұрды. Алғашқы кезеңде топ мүшелері үш тілде өздерін таныстырып өтті. Әр кезеңге сай тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берді. Сайыстың соңғы кезеңінде үш тұғырлы тіл туралы өз ойларын қазақ, орыс және ағылшын тілінде баяндады. Сайыс жоғары деңгейде өткізілді. Сайыс нәтижесінде оқушылардың тілді үйренуге деген қызығушылықтары артты, оқушыларға сөздік қорын молайтуға, ойларын жүйелі түрде жеткізе алуға дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктер жасалды.
Полиглот зияткерлік ойыны