Қазақстан жұрты бүгін Ұлттық домбыра күнін атап өтіп жатыр

Биылғы жылдан бастап Қазақстанда жаңа мейрам пайда болды. Шіліңгір шілденің алғашқы жексенбісінде еліміз Ұлттық домбыра күнін тойлайтын болды.
"Домбыра - қазақтың жаны. Күйлер мен әуезді әнді, домбыра үнін тек дархан далада өсіп-өнген нағыз қазақ қана түсінеді. Өйткені, бұл ерекше дыбыс.
Ол адамның ішкі жан дүниесінің жағдайын көрсете біледі: қайғы ма, қуаныш па немесе философияны.
Маған домбырада өте жақсы ойнай алатын адамдар ұнайды. Біздің қазақтың ұлттық әндері әсерлі және мағынасы бар", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ұлттық домбыра күнімен шын жүрегіммен құттықтаймыз!