2018 жыл тамыздың 1-нен қыркүйектің 30-ы аралығында облыста «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. 2018 жылы акция шеңберінде дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында қоғамдық орындарда, компьютерлік клубтарда «Жұмыстылық», «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралар өткізіледі. «Бақытты балалық шақ мекені», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Балаларды мектепке дайындаймыз!» қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады. Нарықтағы бағадан төмендетіп сататын кәсіпкерлердің қатысуымен мектеп жәрмеңкелер және көшпелі автодүкендердің өткізілуі жоспарланған. Тұрғындардың үндеуіне жылдам жауап беру үшін «қызу желілердің», сенім телефондарының, қоғамдық қабылдаулардың жұмысы ұйымдастырылған. Егер Сізде мектепті тастап кеткен, оқымайтын, тіленші, панасыз қалған, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар туралы мәліметтермен хабардар болсаңыз, 8 (7182) 32-12-42 балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің шұғыл желі телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.
«Мектепке жол»