Білім күні.
1 қыркүйек күні №20 лицей-мектебінде Білім күніне арналған салтанатты сапқа тұру өтті. Оқушылармен, ұстаздармен қатар мерекеге ата-аналар, шақырылған қонақтар қатысты. Оқушылар алдында құттықтау сөзімен лицей директоры, ұстаздар және ата-аналар сөйледі. Мерекелік шараның барысында талантты оқушылардың өнерін тамашалады. Сап тұрудан кейін 8-11 сыныптарда «Мен – өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттары өткізілді. Сабақ идеясы - жас ұрпаққа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, оның қоғамдық мүддеде азаматтық қоғамдық әрекетке дайындығын қамтамасыз ету.