Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдеріне арналған « Мың бала» атты Республикалық сайысының мектепшілік іріктеу туры 2018 жылдың 18 қыркүйек күні № 20 лицей-мектебінде өтті. Конкурс мақсаты: әр этностық топтың балаларын мемлекеттік тілге негіздеу. «НұрАна» қоғамының мүшелері Жақсыбаева Қайырлы Сағындықовна және Сарсенбаева Астерхан Шойынбаевна әділқазылар алқасы болып, « Мың бала» атты Республикалық сайысын тамашалады.
Сайысқа 12 оқушы қатысты. Визит картасында оқушылар өздерін өлең жолдары, презентация арқылы таныстырды. Шығармашылық кезеңінде атақты ақын-жазушылардың өлең жолодарын жатқа айтып, сонымен қатар өздері шығарған өлеңдерін айтты. Викториналық сұрақтар әдебиет, тарих, атаулы мерекелер туралы болды. Мықтылардың мықтысы болып Ермолаева Полина, Дубинин Илья, Курганов Георгий озып шықты. Қалалық кезеңде оқушыларға сәттілік!
«Мың бала» сайысы