
Қазақстан халқы Ассамблеясының, Астананың 20 жылдғына арналған «Астана бейбітшілік бесігі» атты жалпы Қазақстандық ашық диктантына Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінен қазақ-орыс сыныбынан көптеген оқушылар қатысты.
Жүргізілген іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілді білуге,бірегейлікті қалыптастыру,ел бірлігін нығайту, оқушылардың қазақ тілін оқуға деген құрмет пен ниеттерін жоғарлатуға,сауаттарын ашуға, қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға негізделді .
Жиналған қауым диктантты Мемлекеттік әнұранды орындаумен бастады.
Жалпы диктант Астана жайлы болды. Астана қаласының жаңадан құрылып, даму жолы жайлы баяндалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жылғы мектеп оқушыларының нәтижесі 68% құрады.
Алдағы уақытта осындай іс-шараларды жыл сайын өткізу біздің мақсатымыз.