8-11 сыныптар арасында өткен Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінің нәтижесі
Ең талантты және дарынды жас зерттеушіні таңдау және қолдау мақсатында зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға ықпал ету мақсатында 2018 жылдың 23 қарашасында 8-11 сынып оқушылары арасында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша № 20 мектеп -лицейдің 11 сынып оқушысы Алимхан Ботагөз үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды («Тарих» бөлімі). Жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін жетекшілік еткен Е.Т.Марзатаев. Одан әрі табыс тілейміз!