Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ұлы даланың жеті қыры»: ұстаздар мен оқушылардың көзқарасы
29-11-2018 16:49
«Ұлы даланың жеті қыры»: ұстаздар мен оқушылардың көзқарасы

      Жуырда № 20 лицей-мектебінде Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының талқылауы өтті. Талқылауға 10-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты. «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады» - деген әдемі, ең бастысы маңызды афоризммен Мемлекет басшысының мақаласы басталады. Өзінің мақаласында Н.Ә. Назарбаев халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағын байланыстыра отырып, халқымыздың шығар жеріне қайта оралады. Мақалаға сәйкес аталған жобалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болады. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Мақаланы талқылау ұстаздар мен оқушылардың диалог формасында өтті.