2018 жылғы 19 желтоқсанда №20 лицей оқушылары ИнЕУ ұйымдастырған қалалық интеллектуалдық турнирге қатысты. Бұл іс-шараның басты мақсаты жас ұрпақтың патриоттық рухын, моральдық және рухани құндылықтарын қалыптастыру мен нығайтуға, ұлттық сәйкестілікке және тарих, география, мәдениет, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар саласында байыту болып табылады.
Турнир бес турдан тұрды, оның барысында оқушылар тек ғылымның әртүрлі салаларында ғана емес, сонымен қатар логикаға арналған практикалық тапсырмаларды орындады, ақпарат талдады, қорытынды жасады, шешім қабылдады. Осының барлығы командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге, сыни ойлауды дамытуға, көшбасшылық дағдыларына ықпал етті.
№ 20 лицей - мектеп командасы I орынды иеленді, екінші орынды - №22 орта мектептің командасы, 3 орын - №9 орта мектебі иеленді.. Барлық жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.
Ұйымдастырушыларға: ИнЕУ нұсқаушылары мен студенттеріне шығармашылықтарына үлкен рахмет!
«Білгірлер» қалалық турнирі