Махамбет оқуларының мектепішілік кезеңі
2019 жылдың 12 ақпанында Павлодар қаласы № 20 мектеп-лицейінде «Махамбет оқулары» атты поэзиялық сайыстың мектепішілік кезеңі өтті. Мақсаты: Мәнерлеп оқу өнеріне ие дарынды оқушыларды анықтау, сондай-ақ осы конкурстың қалалық кезеңіне қатысушыларды іріктеу. Мектепішілік кезеңінде мұғалімдер мен оқушылардың сөйлеген сөздерін мұқият тыңдап, үздік оқырмандарды анықтады. Оқушылар оқыған барлық өлеңдерін оқып, көркем оқуды жақсы меңгергендерін анықтады. Келесі оқушылар «Махамбет оқулары» мектепішілк кезеңінің жеңімпазы атанды: Есимханова – мәнерлеп оқу оқу, поэтикалық - Байжанкызы Дамира, ұлттық аспабы - Қаратай Нұрбол. Жеңімпаздарға шығармашылық табыс пен қалалық кезеңде жүлделі орынға ие болуларына тілектеспіз.