Оқушылардың бос уақыты қызықты!

Жақында №20 лицейдің 8 сынып оқушылары «Оyna» балаларды дамыту орталығында болды. Ағылшын тілі курстары, «Stem» роботехникасы, сондай-ақ «Sel» курсы балалар назарына ұсынылды. «Sel» курсы баланың әлеуметтік-эмоциялық интеллектісін дамытуға бағытталған. Ең танымал курс "Stem". Мұнда оқушылар модельдеу, бағдарламалау және робототехника саласында айналысады. Оқушыларды қызықтыратын сынақ іс-шаралары өткізілді. Көбі өз таңдауын жасаған. Біз «Oyna» дамыту орталығының келушілерінің көп екеніне сенімдіміз.