«Махамбет оқуларының» жеңімпазы
2019 жылдың 15 ақпанында Павлодар қаласы № 14 жалпы орта білім беру мектебінде «Махамбет оқулары» атты поэзиялық сайыстың қалалық кезеңі өтті. Сайыс мақсаты- мәнерлеп оқу өнеріне ие дарынды оқушыларды анықтау, шығармашылықтарын дамыту.
Жалпы сайыс 3 кезеңнен өтті:
«Мен – Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!»
«Ұлы арман».
«Тартынбай сөйлер асылмын...».
Барлық кезеңінде оқушылар өздерінің өнерлерін бар ынтасымен көрсете білді. Қала мектептерінен көптеген дарынды оқушылар қатысты, солардың ішінен «Тартынбай сөйлер асылмын...» номинациясынан озып шыққан 9 сынып оқушысы Байжанқызы Дамира II орынды иеленді.
Жеңімпазымызға шығармашылық табыс тілейміз!