№20 лицей-мектебінде жаратылыстану –математика ғылымдарының апталығы басталды. Апта «Өз ойыным » иннтелектуалдық викторинасымен басталды,оған 8-11 сынып оқушылары қатысты.Ойын 3 кезеңнен тұрды.1 кезең іріктеу:командалар жаратылыстану-математика циклы пәндері сұрақтарына жауап берді.Әр команданың міндеті: көп ұпай жинау.
Келесі турларда әр сұрақтың өз бағасы болды: команда сұраққа дұрыс жауап берсе ұпай қосылады, ал дұрыс болмаса-ұпай алынады.Жауап беруге рұқсатты бірінші болып қол көтерген команда алады. Оқушылар үшін «Аукцион», «Кот в мешке»викториналары өте қызықты болды.
8 командадан мәреге 4 команда жетті.Табанды күресте 11а сыныптың командасы жеңіске жетті,команда құрамасы:Еремин Даниил, Ефремов Дмитрий менКурганов Георгий.Турнир жеңімпаздарын құттықтаймыз!