"Білім тарландары" математикалық сайысы

Жаратылыстану-математикалық цикл апталығы аясында №20 лицей-мектебінде 9, 10 сынып оқушылары арасында "Білім тарландары" зияткерлік сайысы өткізілді. Байқау төрт кезеңнен тұрды: "Бой сергіту", "Тапқыр болсаң, шешіп көр"," Қате теңдіктер", " Кім тапқыр?". Екі сынып оқушылары логикалық есептерді, тапқырлықты, математикалық анықтамаларды шешуде өз білімдерін көрсетті. Сайыс қызықты өтті. Жеңіске 10 Б сынып командасы ие болды.