Физикалық сайыс «Кім тапқыр?»
Жаратылыстану-математикалық бағыт апталығы аясында 8 сыныптар арасында өткізілген физикалық сайыстың мақсаты: оқушылардың дүниеге көз қарасын қалыптастыру, өздігінен ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу, сайыс процесінде ақыл-ойын дамыту арқылы адамгерішілік қасиеттерін қалыптастыру.
8 сынып оқушылары «Джоуль» және «Молекула» атты 2 топқа бөлініп, сайыстың барлық кезеңдеріне қатысты.
Бұл сайыста оқушылар әр-түрлі тапсырмалар орындаған кезде үштілдік қабілеттерін көрсете білді. Сайыс өте тартымды да, қызықты өтті. Әр топ мүшелері белсенділік танытты. Сайыс соңында женімпаздар анықталды.