Ботагөздің кезекті жеңісі!
Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі негізінде 2019 жылғы 4 сәуір күні Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Іс-шараға облысымыздың мемлекеттік тілде оқытылатын жалпы орта және мамандандырылған мектептерінің 48 оқушысы қатысты. Ережеге сәйкес олимпиада 2 тур бойынша өткізілді: 1 – эссе, 2 – ауызша. Олимпиаданың қорытындысы бойыншаПавлодар қаласының №20 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Алимхан Ботагөз IIIорынға ие болды. Ботагөзді жеңісімен құттықтаймыз!