26 сәуірде дарынды балалар үшін № 8 лицей- мектебі базасында «Көптілділік сабақтарының үздік үлгілері» облыстық байқауы өтті. Қазылар алқасы І орынды «Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебі» ММ тарих пәні мұғалімі Ерлан Тоқтағұлұлы Марзатаевқа берді. Ерлан Тоқтағұлұлы ұсынған сабақтың үлгісі замануи сабақтың барлық талаптарына сай, оқу материалының мазмұндылығымен, инновациялық формаларымен, оқушы әрекетін белсендіретін тәсілдерімен ерекшеленді. Педагог «Жыл мұғалімі-2015» қалалық байқауының , «Білім көшбасшысы» (2017), тарих және қоғамтану пәні мұғалімдерінің қалалық пән олимпиадасының (2015), «Білімдегі ақпаратты-коммуникативтік технологиялар»облыстық байқауы (2016), «Дінтану негіздер мен ақсүйектік курсы үздік сабағы» (2017), «Әдістемелі-дидактикалық құралды әзірлеу» (I орын, 2017) жеңімпазы. Ерлан Тоқтағұлұлы Марзатаевты кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
Ұстаздың жоғары кәсіби шеберлігі