Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 20 мектеп-лицейінде бірыңғай жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
16-05-2019 15:21
   № 20 мектеп-лицейінде бірыңғай жалпыұлттық  ата-аналар жиналысы

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бастамасы бойынша, 2019 жылдың 15 мамырында барлық орта білім беру ұйымдары Халықаралық отбасы күніне орай  «Отбасы тәрбиесі - жас ұрпақтың азаматтығын қалыптастырудың негізі» тақырыбында   жалпыұлттық  ата-аналар жиналысын    өткізуді ұсынды.  № 20 мектеп-лицейде ата-аналар жиналысы «Біз бірге күшіміз!» атты  ұранымен өтті. Ата-аналар жиналысының негізгі мақсаты:  ата-аналар мен мұғалімдердің отбасылық тәрбие мәселелерін талқылау, балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру және рөлін арттырудағы өзара әрекеттесуі болды.

   Лицей -мектебінің директоры Топанова Гульнар Туяққызы ата-аналарға құттықтау сөз сөйлеп, отбасыларын Халықаралық Отбасы күнімен құттықтап, ата-аналар жиналысының күн тәртібімен таныстырды:

1. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рөлі.
2. Отбасылық құндылықтар ата-аналар мен мектептің өзара әрекеттесуін жақсарту.
3. 9-11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы.
4. Оқу жылын қорытындылау, оқушылардың білім сапасы.
5. Мектепті басқарудағы қамқоршылық кеңестің қызметі.
6. Білім беру ұйымдарының кеңес беру және ата-ана  комитеттері.

    Ата-аналар мен мектептің өзара қарым-қатынасы,  «Шапағат» Қамқоршылық Кеңесінің жұмысы жайлы баяндаманы   директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Р. Смакова жасады. Профильді білім беру жөніндегі директордың орынбасары Сулейман Р.Т. 9-11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы туралы баяндап  берді. Ол сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылын қорытындылады.

 Жиналыс  соңында ата-аналар мен мұғалімдер пікір алмасты, мектеп-лицей әкімшілігі ата-аналарды қызықтыратын  сұрақтарына жауап берді.