Міне, соңғы қоңырау шалуыңыз болды

25 мамыр күні № 20 лицей-мектебінде 11 сыныпты бітірушілер үшін соңғы қоңырау өткізілді. Соңғы қоңырау мерекесі - маңызды оқиға, себебі балалар үлкен өмірге аяқ басады. Осы күні лицей 41 түлекті үлкен өмірге аттандырды. Лицей- мектебінің директоры Г.Т. Топанова, шақырылған қонақтар мен ата-аналар түлектерге арнап сөз сөйледі.
Өз кезегінде, бітірушілер лицей мұғалімдеріне және ата-аналарына алғысын білдіріп, дәстүрлі түрде білім алауын болашақ түлектерге тапсырды.
Соңғы қоңырау мерекесі әсерлі өтті, осыған дәлел қатысушылардың жүзінен күлкі кетпеуі.