2019 жылдың 1 маусымында № 20 лицей-мектебінде бірнеше тілде жүргізілетін, жан-жақты мәдениетті тұлға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасалып, оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерінің дағдыларымен бағыттарын жетілдіру мақсатымен мектептік бейінді«Балдаурен» лагері ашылды. Бірінші кезең 15 маусымға дейін. Кезеңнің шаралар жоспары бекітілді: бұл оқыту және зерттеу сабақтары, спорт ойындары, саяхаттар, ойын-сауық шаралары. Мектепте оқушылардың лагердегі демалысын ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары өткізілді. Оқыту, шаралар жоспары, лагерь жұмысының күн тәртібі туралы ақпаратты «Балдәурен» стенді шығарылды. Оқушылармен жоғары дәрежелі ұстаздар жұмыс істейді.
«Балдәурен» лагерінде төрт топ құрылды: 1топ - «Эрудит». 2 топ – «Білімділер». 3 топ – «Полиглот». 4 топ – «Тапқырлар».
Лагердің ашылу кезеңінде топтар өздерінің шығармашылық дәрежелі презентацияларын көрсетіп, топтарының атын, ұранын және өзіндік музыкалық құттықтауларын жолдады.Мереке одан әрі Орталық қалалық саябақта жалғасты. Балалар үшін көптеген ойын-сауық ұйымдастырылды: шығармашылық ұжымдардың мерекелік концерті, карусельде сырғанау, "Диманың пантомимасы" клоунада, "Флоу"би орталығынан денсстэйшн. Балаларға балмұздақ пен минералды су тегін берілді. Балалар уақытты қызығушылықпен өткізді,ойындар мен конкурстарға белсене қатысты. Бұл күн олар үшін ұмытылмас, бақыт пен қуанышқа толы болды.