Бүгін № 20 лицей-мектебінің оқушыларымен Павлодар облысы ТЖД Жедел-құтқару бөлімінің басшысы В. А. Хазовпен "суға шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері"тақырыбында дәріс өтті. Мақсаты: балаларды судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларымен таныстыру, өз өмірі мен айналасындағылардың өміріне жауапкершілікпен қарау сезімін тәрбиелеу. Балаларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері, шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтылды. Егер қауіпсіздік ережесін сақтамаса, суға батқан кезде көмек көрсету ережесімен танысып, суға батқан адамды анықтау, алғашқы медициналық көмек көрсету, суға түскенде не істеу керек, сондай-ақ балалар негізгі құтқару құралдары және сыни жағдайларда жүріс-тұрыс дағдылары туралы өз білімдерін бекітті. Соңғы жылдары жазатайым жағдайы және себептері туралы ақпаратпен таныстырылды.
Аталмыш дәріс балалар үшін өте қызықты болды, олар қауіпсіздікті, өзін және достарын қайғылы жағдайдан сақтау үшін көптеген пайдалы нәрселерді білді.