Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында оқушылардың салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Павлодар қаласының № 20 мектеп-лицейінде" ММ дәстүрлі "Денсаулық фестивалі"өтті. Бұл күні 8-11 сынып оқушылары әртүрлі спорт түрлерінен жарысты: турникте тартылып, гранаталар лақтырылды,жүгіруден, секіруден ұзындыққа секірді. 8 және 9 сыныптар арасында" Көңілді старт", 10,11 - волейбол ойыны өткізілді.
Жарыс аяғында көзге түскен лицеистер дипломдармен марапатталды.