Бүгін Павлодар қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының «Павлодар қалалық кәсіподақ ұйымы» филиалы адам құқықтарын қорғау бойынша Павлодар қаласының білім беру ұйымдары арасында ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымына конкурс өткізді. Байқау-конкурсы екі кезеңнен тұрды:
1.Оқу орнының жеке кәсіподақ ұйымының адам құқықтары саласындағы қызметі туралы презентация.
2. Еңбек құқығы мәселелері бойынша сұрақ –жауап.
Командалардың нәтижелерін бағалау критерийлері:
- презентация материалының мазмұны мен шеберлігі; -қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы білім деңгейі; - шығармашылық. «Павлодар қаласының № 20 лицейі-мектебі» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының командасы екі турдың тапсырмаларын сәтті орындап, екінші орынды жеңіп алды.