
Білім беру жүйесін демократияландыру нысандарының бірі - дәстүрлі қоғамдық тыңдау. 2019 жылғы 1 қарашада «Павлодар қаласының № 20 лицейі»ММ жоспарлы қоғамдық тыңдау өтті. Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Р.Т. Сулейман 2019-2020 оқу жылының ерекшеліктерімен таныстырды. Ол ата-аналар қауымдастығын І тоқсандағы білім беру қызметтерінің негізгі көрсеткіштерімен, есепті кезеңдегі зияткерлік жарыстарда, интеллектуалды сайыстарда, спорттағы оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктерімен таныстырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Р.Смакова лицей- мектебінің қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Ата-аналардың ерекше қызығушылығы мектеп оқушылардың ыстық тамақпен, оқулықтармен қамтамасыз ету болды. Ата-аналар Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негізімен танысты. Барлық презентациялар слайдпен көрсетілді.