Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Күзгі демалыс кезіндегі ата-аналар мен оқушылармен кездесу
04-11-2019 21:22
Күзгі демалыс кезіндегі ата-аналар мен оқушылармен кездесу

           Күзгі демалыс кезінде № 20 лицей-мектебінде 1 тоқсанның қорытындысы бойынша оқуда әлсіз көрсеткіштері бар оқушылармен уәждемелік, профилактикалық әңгімелер өткізілді. Әңгімеге оқушылардың ата-аналары, мектеп әкімшілігі, психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты. Бұл іс - шараның мақсаты- кекілжіңнің пайда болуының негізгі себептерін анықтау, балаларға білімдегі олқылықтарды жоюға көмектесу, оларды оқу материалын өз бетімен үйренуге үйрету, оқуға деген қызығушылығын ояту. Психолог Д. С.Баильдинова ата-аналарға қиын жағдайда өз баласына қалай қолдау көрсетіп, оған сенуді үйретті. Құқық бұзушылықтың және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖДО М. Р. Смакова ата-аналармен кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарда дұрыс жүріс-тұрысы, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы және ата-аналар мен балалардың құқыққа қарсы әрекеттер жасаған кездегі құқықтық жауапкершілігі туралы әңгімелесті.