Жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және «Музей достарын шақырады» акциясы аясында 9-сынып оқушылары сынып жетекшілері Т.С. Муликбаева және Г.К. Жакиянова Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайында болды.
Мұражай ғимараты - тарихи ескерткіш, ағаш сәулет ескерткіші, экспозициялары сегіз залда орналасқан. Балалар Р.Тоқтаров, Қ.Ыдырысов, М.Әлімбаев, Қ.Исабаев, А.Шамкенов, А. Жақсыбаев, М.Жаманбалинов, Д. Примак және басқалары сияқты қазақ ақын-жазушыларының шығармашылығымен танысты.
Всеволод Ивановтың жұмыс жасаған кабинетінің экспозициясының үзіндісі балаларда үлкен қызығушылық тудырды.
Ауызша халық шығармашылығы залы ұлттық фольклор мен халық шығармашылығының барлық түрлерін: әндер, ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер және басқа да жанрларды суреттейді.
Оқу жылында балалар қаламыздың мұражайына баруды жалғастырады.