«Жастар ғылыммен сусындайды…»
2019 жылдың 22 қарашасында оқушылардың ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңі өтті. Байқау Павлодар қаласының Мемлекеттік педагогикалық университеті базасында ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты-оқушылардың оқу-танымдық, ғылыми-зерттеу әрекетін ынталандыту мен дарынды жас зерттеушілерге қолдау көрсету,облыстың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға қолқабыс ету. №20 лицей-мектебінің екі лицейшісі облыстық кезеңге өздерінің зерттеу жобаларын ұсынды.Байқау қорытындысы бойынша 8А сынып оқушысы Дина Апушева ,(ғылыми жетекшісі Г.К. Жақиянова ) мен 11 сынып оқушысы Камила Абышева, (ғылыми жетекшісі Т.С. Муликбаева) ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Лицейшілерді жеңістерімен құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!