Оқушылардың республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы

9 желтоқсанда Естай атындағы ҚМС жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Мақтау қағаздары мен естелік медальдары үздік нәтиже көрсеткен балаларға берілді. Оның ішінде № 20 лицей-мектебінің 8 оқушысы бар. Мектеп қоржынына лицей оқушылары химия, биология, қазақ, ағылшын тілдері бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Олимпиада жүлдегерлеріне шығармашылық жеңістер тілейміз!