Бүгін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, № 20 лицей-мектебінің кітапханашысы О.Н. Гарашчук «Мәңгілік ел,бір ел - бір тағдыр» тақырыбында сабақ өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты: оқушыларда азаматтық және патриотизм негіздерін қалыптастыру, өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрін құрметтеу.
Сабақта балалар өздерінің Отаны туралы өлеңдер оқыды, достық туралы әндер айтты, викторинаның сұрақтарына жауап берді.
Сабақ Тәуелсіз Қазақстан туралы фильм және «Тәуелсіздік хабарлары - Тәуелсіздік шежіресі» атты кітап көрмесіне шолу жасаумен аяқталды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың отбасына, еліне деген сүйіспеншілігін, бір-біріне құрметпен қарауды, Отан тағдырына жауапкершілік сезімін қалыптастырады.