Интеллектуалды ойын

№20 лицей-мектебінде билогия мен химия пәндерінің онкүндігі шеңберінде «Керемет алаң» интеллектуалды ойыны өтті.Пәндік олимпиада, ғылыми конференция, түрлі факультативтерге қарағанда ойын маңызды мәселені жарқыраған ойын-сауыққа, тартымды сайысқа, мерекеге айналдырады.Осы шараны өткізудің негізгі мақсаты оқушы бойында шығармашылық қабілетті, интеллектуалдық мүмкіндігін ашу, жаңа дарынды анықтау.Лицейшілерге осындай тартымды жарыстарға қатысу өз ой-өрісін кеңейтуге,білімін қолдана білуге, локикалық ойын дамытуға, түрлі стандартты емес жағдайда, қысқа уақытта тез шешім қабылдай алу дағдысын дамытуға көмектеседі.