«Своя игра» интеллектуалдық сайыс

24 қаңтар күні №20 лицей-мектебінде, химия және биология апталығы шеңберінде 8-10 сыныптарда оқитын оқушылар үшін «Своя игра» интеллектуалдық сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаттары: биология пәнінде оқушыларда танымдық әрекеттерін арттыру, қоршаған ортаның мәселелеріне оқушылардың назарларын аудару, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Оқушылар бұл шараға белсенді түрде қатысты.