Жұлдызды сағат

Бүгін биология және химия онкүндігі аясында № 20 мектеп-лицейінде «Жұлдызды сағат» интеллектуалды ойыны өтті. Ойынға 8-9 сынып оқушылары қатысты. Ойын шарттарына сәйкес әр бөлімінің сұрақтарына дұрыс жауап беру үшін «жұлдыздардың» көп санын жинау керек болды. Балалар өздерінің білімдерін, ой-өрісінің тапқырлығын көрсетті. Қатысушыларды жанкүйерлер қолдады. Ойын жеңімпазы 9А сынып оқушысы Шабанова Анна болды