Ең зиятты топ!

Инновациялық Еуразия университеті ұйымдастырған "Brain ring" зияткерлік ойынында 1 орын алған "Фемида" тобын құттықтаймыз! Турнирге қаланың студенттері мен оқушылары қатысты. Терең білім, ұшқын ақыл, ұжымда жұмыс істей білу дағдысын әділ-қазылар алқасының мүшелері жоғары бағалай білді. Үздік ойын көрсеткен үшін лицейліктер кубокпен және мақтау қағазымен марапатталды.