Дайындық сабақтары өткізілуде

Бүгін, 01.04.2020 жылы "Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі" ММ 8-11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша Zoom Интернет платформасы арқылы онлайн сабақтар өткізілді. Сабақтар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ұсынысы бойынша құрылды: пән мұғалімдері ұсынылған ресурстар мен платформаларды ("Күнделік" ЭОС, Bilimland) шебер қолданды. Барлық оқушылар қашықтықтан өтетін сынақ сабақтарына белсене қатысты.