Эфирдегі кездесу

Ата-аналарды қашықтықтан оқыту туралы ақпараттандыру мақсатында бүгін №20 лицей-мектебінде «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай ұйымдастырылады?». Г. Т. Топанова лицей-мектеп директоры ата-аналар алдында кіріспе сөз сөйледі. 8-11 сынып жетекшілері ата-аналарды қашықтықтан оқыту жағдайында оқу кеңістігін құру талаптарымен таныстырды. Сонымен қатар, ата-аналар мен сынып жетекшілерінің, пән мұғалімдерінің электрондық жүйелердегі сұхбаттар, форумдар kundelik.kz, bilimland.kz., darynonline.kz арқылы өзара іс-қимылы туралы айтылды. Қашықтықтан өткізілген жиналысқа 85% - дан астам ата-ана қатысты, бұл олардың хабардарлығын және заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істей алатынын көрсетеді.