«Қашықтық олимпиадаға қатыс» челленджі №20 лицей-мектебінде 2020 жылдың 16 наурызында педагогтар мен оқушылардың бастамасымен басталып, 2020 жылдың 5 сәуірінде өз мәресіне жетті. Бұл қашықтық олимпиаданы қала мектептерінің оқушылары көктемгі каникул кезінде қолдап кетті. 90% лицейшілер олимпиаданың қатысушылары мен жеңімпаздары атанды және 238 диплом мен мадақтама жеңіп алды.
Мемлекеттік тілде оқытылатын 8А сыныбының оқушылары 71 жүлделі орынға ие болды! Жеке біріншіліктегі озаттар қатарында болғандар: 8 А сынып оқушысы Сейтқазы Әлияның қоржынында 34 диплом, 9 А сынып оқушысы Шабанова Аннада - 11 диплом, 8 Б сынып оқушысы Фучижи Никитада - 7 диплом, 9 Б сыныбындағы Әлжанов Аслан мен Ғибадатова Әлнұрда - 8 дипломнан , 10 Б сынып оқушысы Ысқақ Камилада - 6 диплом, 11А сыныбы Ермолаева Полинада - 4 диплом, 3 дипломнан 11А сынып оқушысы Омаржанова Лаура мен и 11Б сынып оқушысы Абышева Камила жеңіп алды, 10 А сыныбындағы Михалев Никитада - 2 диплом.
Жеңімпаздарды құттықтап алда жаңа жеңістер тілейміз!Лицей-мектебі әкімшілігінің атынан грамота мен сыйлықтар өз жеңімпаздарын күтуде.Карантин тез аяқталсын!