Компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі ұсыныстар

Ата-аналар мен оқушылардың назарына!
Қашықтан оқу кезінде оқушыларға компьютер мен смартфонда көп отыруға тура келеді.Сондықтан омыртқаның қисаюы мен миопияның дамуын болдыртпау үшін келесі ережелерді сақтауларыңызды сұраймыз:
1.Компьютер мен смартфонмен мөлшерленген түрде жұмыс істеу.
2.Әр сағаттан соң үзіліс жасау.
3.Компьютермен жұмысты белсенді демалыспен алмастырып отыру.
4.Таңертең жаттығу жасау.
5.Күн ішінде мезіл-мезгіл көзге жаттығу жасау.