«Күнделік» ЭОЖ жиынтық бағалау» онлайн вебинар

27 сәуірде «Павлодар қаласының №20 лицей-мектебі» ММ әкімшілігі тарапынан «Күнделік» ЭОЖ жиынтық бағалау» тақырыбына онлайн вебинар өткізілді. Оқушылармен жиынтық бағалауды өткізуде электронды журналда көрсету туралы ақпарат берілді: сабақ беттерінде жұмыстарды жиынтық бағалау алгоритмі, жиынтық бағалау қорытындысы бойынша оқушылармен кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері көрсетілді.