«Татулық достықтың тірегі» бейне құттықтау байқауының қорытындысы шығарылды

Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі 20 сәуір мен 1 мамыр аралығында мектеп оқушылары арасында «Татулық достықтың тірегі» атты бейне құттықтау конкурсын өткізді. Байқаудың мақсаты-Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерімен толеранттылық, бірлік, достық сезімдерін тәрбиелеу. Бұл сайысқа №20 лицей-мектебінің оқушылары қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша 10Б сынып оқушысы Уразалимова Сана бас жүлдені иеленсе, 11А сынып оқушылары Гайсин Ислам мен Кадыр Али І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!