Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Бізге қоштасуға уақыт келді…»
26-05-2020 11:46
«Бізге қоштасуға уақыт келді…»

       2020 жылдың 25 мамырында республиканың барлық мектептерінде, соның ішінде №20 лицей-мектебінің 8-10 сынып оқушылары үшін ерекше форматта онлайн режимінде өткен соңғы қоңырау соғылды.

     Мерекелік іс-шараға құрметті қонақтар: педагогика ғылымдарының докторы, ИнЕУ "Әлеуметтік-гуманитарлық білім беру және Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі Б. Д. Каирбекова, ПГПУ жаратылыстану кафедрасының оқытушысы Ж. Р. Қабдолов, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Н. С. Сабитова, "Нұр Отан" партиясының жастар қанатының мүшесі Б. А. Қаратай және №20 лицей-мектебінің табысты түлектерінің бірі, ҚБТУ студенті Хасен Мейрман қатысты.

        №20 лицей-мектебінің директоры Г. Т. Топанова оқушыларға, қонақтарға жылы лебіздерін білдірді. Ол балаларды қалыптасқан жағдайда көп уақыт қосымша өз білімін жетілдіруге, жазғы демалысқа шоғырландыруға шақырды,уақытты денсаулық үшін пайдалы өткізуге тілек білдірді.

    Сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімін қорытындылап, әр оқушының олимпиадаға, ғылыми жобаларға, шығармашылық конкурстарға қатысу рейтингісін ұсынды. Ең көзге түскен лицей оқушылары алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды: Сейтқазы Алия, 8 А сынып оқушысы, Фучижи Никита, 8 Б сынып оқушысы, Алибекова Алина, 9 А сынып оқушысы, кенес Ильяс, 9 Б сынып оқушысы, Меликова Алина, 10 А сынып оқушысы, Байжанқызы Дамира Жұмабаева Айнур, Қазым Ернур, Уразалимова Сана, 10 Б сынып оқушылары.

     Лицейліктерді оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтай отырып, іс-шараға қатысқан ғалымдар, саясаткерлер қашықтықтан оқытудың жаңа жағдайында оқушылардың педагогтармен тығыз қарым-қатынаста жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

      Мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары карантин жағдайында қысқа мерзім ішінде жұмысты қайта құрып, балаларды табысты оқыта алған лицей педагогтарына көптеген жылы лебіздерін білдірді.

       Мерекелік жиын соңында осы оқу жылының аяқталуын бейнелейтін соңғы қоңырау соғылды.