Абай- біздің жүрегімізде!

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Павлодар дарыны» балалар сауықтыру және жұмыспен қамту орталығы 2020 жылғы 11 тамызда «Аңыз тұлға» онлайн байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты - Абай мұрасын насихаттау. Қатысушылар ең қызықты бейнероликтер, презентациялар дайындады, ұлы Абайдың шығармаларын оқыды, ақынның «Жыл мезгілдері» өлеңін орындады, пьесалар қойылымын көрсетті. Сайысқа №20 мектеп-лицейінің оқушылары Апушева Дина, 9 Б сынып оқушысы, Горбатюк Ульяна, 10 А сынып оқушысы қатысты, олар жүлделі орындарға ие болды: II орын - Апушева Дина, III орын - Горбатюк Ульяна. Жеңістеріңіз құтты болсын!