Жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық шеңберінде бүгін "Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы" жалпы мектепшілік қашықтықтан ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқу ерекшеліктері туралы оқушылардың ата-аналарына немесе заңды өкілдерін хабардар ету болды. Ата-аналар жиналысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:
1. Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
2. Қашықтықтан оқыту: баланың мінез-құлықы ережелері және жұмыс орны.
3. Қашықтықтан оқыту жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу.
4. Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
5. Оқушылардың оқу және демалыс режимі.
6. Баланы өз бетінше оқуға қалай ынталандыруға болады?
7. Интернетте қауіпсіз жұмыс істеу үшін оқушыларға арналған ережелер.
8. Интернеттегі балалардың жұмысын ата-аналық бақылау ережелері.
9. Қарым-қатынас: ата-аналар мен балалар.
Онлайн-конференцияның соңында мектеп әкімшілігі ата-аналардың толғандыратын сұрақтарына жауап берді.
"Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы" жалпы мектепшілік жиналысы