Құрметті марапат
![Құрметті марапат](/media/img/blogs/5f5b2fdd82def.jpeg)
2020 жылдың 28 тамызында дәстүрлі облыстық тамыз конференциясы өтті, оған мұғалімдер, колледждер мен ЖОО оқытушылары, ата-аналар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Конференция барысында Білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер бойынша тақырыптық алаң ұйымдастырылды, сондай-ақ педагогтарды марапаттау рәсімі өтті. Көп жылдық еңбегі, білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Павлодар облысы білім беру басқармасының Алғыс хатымен №20 мектеп-лицейінің химия мұғалімі Норпеисова Гульнара Казизолловна марапатталды. Құттықтаймыз!