"Мектепке жол" науқаны.

"Мектепке жол" қайырымдылық науқаны елімізде он екінші жыл өткізіліп келеді. Қаражаттың болмауына байланысты барлық ата-аналар балаларды жаңа оқу жылына дайындай алмайды. Әсіресе жетім, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ауыр тиеді. 20 мектеп-лицейі әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына көмек көрсетуге көңіл бөлуде. Биылғы жылы жалпыға міндетті оқу қорының қаражаты есебінен дене шынықтыру сабақтарына арналған спорттық костюмдер сатып алынды. Демеушілер де шетте қалмады: оқушылар үшін аяқ киім мен кеңсе тауарларын сатып алды.