"Балаға қашықтықтан оқыту кезінде қалай көмектесуге болады?» атты жалпы республикалық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді.
2020 жылдың 17 қыркүйегінде 20 мектеп-лицейде "Балаға қашықтықтан оқыту кезінде қалай көмектесуге болады?» атты жалпы республикалық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып өткізілді. Жиналыста ата-аналарға қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-тәрбие процесінде қолданылатын білім беру платформалары туралы толық ақпарат берілді. Педагог-психолог Д.С. Баильдинова қашықтықтан оқыту кезінде балалардың уәждемесі мен жауапкершілігін қалыптастыру туралы ұсыныстармен бөлісті. Сынып жетекшілері ата-аналарға интернетті қауіпсіз пайдалану және ата-аналардың бақылауы туралы ұсыныстар берді.