Онлайн-кездесу.
Бүгін 20 мектеп-лицейде ДДҰ-ның "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп" жобасын іске асыру шеңберінде Павлодар облысы бойынша СӨС орталығының басшысы Тұрарова Анар Қасымқызымен онлайн-кездесу өтті. 9 сынып оқушыларына "Алкогольдің жастардың денсаулық жағдайына әсері" тақырыбында дәріс оқылды. Дәрістің мақсаты: маскүнемдіктің алдын алу, алкогольді және энергетикалық сусындардың өсіп келе жатқан ағзасына әсері. Кездесу соңында пікір алмасылды. Оқушылардың барлық сұрақтарына құзыретті жауаптар мен ұсыныстар берілді.